Көпбалалы жанұя далада қалмақ – сот үкімі алаяқтардың пайдасына шешілді (видео)

Көпбалалы жанұя далада қалмақ – сот үкімі алаяқтардың пайдасына шешілді (видео)

Көпбалалы жанұя далада қалмақ – сот үкімі алаяқтардың пайдасына шешілді (видео)
ашық дереккөзі
Еуразия бірінші арнасына көпбалалы Әлбатыровтар отбасы көмек сұрап келген. Бұл жанұя 2017 жылдың соңында 25 миллион теңгеге 90 шаршы метр үш бөлмелі пәтерді сатып алады. Жөндеу жұмыстарына кеткен 10 миллион теңге тағы бар. Нотариусте рәсімдеп, заң аясында мәміле жасайды.  Өкінішке қарай, ол уақытта баспана банкте кепілде тұрған екен. Алайда, Әлбатыровтардың алғашқы жарнасы қомақты болғандықтан, пәтерді кепілден босатып алады. Биыл жазда отағасы банктен несие алмақ болып, құжаттарын жинай бастағанда шикіліктің шеті шығады. "Несиеге өтініш берер кезде құжаттарды жинадық, анықтама алдық. Сол кезде осы пәтерге қатысты қиындықтар туындады. Не болып жатқанын түсінген жоқпыз. Себебі, баспананы жылдар бойы жиып-терген қаражатымызға сатып алған едік", – дейді Ескендір Әлбатыров. Сөйтсе, 2012 жылы пәтердің бұрынғы иесіне, яғни қызына бұл баспананы анасы тарту етіпті. Ал ол кезде анасының жеке кәсіпкер ретінде бюджетке 90 миллион теңге салық берешегі бар болып шыққан. Іске банкроттық басқарушы кіріседі. 2015 жылы ол сотта сыйға тарту шартына наразылық білдіріп, пәтерді иесіне қайтарып береді. Бірақ, анасы мүлікті қайта рәсімдеуге асықпайды. Осылайша, анасы мен қызы жылжымайтын мүліктің тарихы мемлекеттік кадастрға сәйкес таза болғанын пайдаланып, сатып жіберген. "Менің қорғауымдағы азаматшаның айтуынша, олар соттың соңғы шешімінен бейхабар болған. Пәтерді сатқан кездегі бұл әрекеті заң аясында екеніне еш күмәнданбаған. Өйткені, мемлекеттік кадастр бойынша меншік құқығы сатылған тұлғаға тіркелген. Олар да бұл келеңсіздіктің құрбаны", –  пәтердің бұрынғы иесінің адвокаты. Ал Әлбатыровтар отбасы бұл істе бір шикіліктің барына сенімді. Шортанбек Әлбатыров: "Мұнда қылмыстық істің иісі аңқып тұр. Банкроттық істі басқарушы, банк және пәтердің бұрынғы иелері барлығы ауыз жаласып, әдейі істеген. Нәтижесінде банк өз мүддесін қайтсе де қорғап шығады. Бәрінің ұпайы түгел. Тек менің балаларым мына қақаған қыста далада қалуы мүмкін", – деп налыды. Үй иесінің уайымына негіз де жоқ емес. Себебі алғашқы сот отырысының нәтижесі банкроттық іс орындаушысының пайдасына шешілді. Сот апелляциялық шағымды қабылдамаған жағдайда, қақаған қыста бүтін бір отбасы далада қалайын деп отыр. Әлбатыровтардың адвокаты Серік Қожамқұлов: “Біз Қарағанды облыстық сотына шағымданамыз. Өтінішіміз тез арада қанағаттандырылады деп сенемін. Банкроттық істі басқарушы өз наразылығын пәтерді сатып алғандарға емес, заңсыз сатқан тұлғаларға білдіруі керек”, – деп отыр. https://www.youtube.com/watch?v=ODn2m-QbjDc&feature=emb_logo