"Бюджет барысын бақылай аламыз" – жаңа жоба іске қосылды

"Бюджет барысын бақылай аламыз" – жаңа жоба іске қосылды

"Бюджет барысын бақылай аламыз" – жаңа жоба іске қосылды
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар енді бюджеттің қайда жұмсалып жатқанын қадағалай алады. Пилоттық жоба Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында іске қосылды. Бұл жоба жайында Ақорданың Twitter парақшасында хабарланды. «Бұл бастаманың үлкен әлеуметтік маңызын ескере отырып осындай тәжірибелер 2020 жылдан бастап 55 әкімшілік бірлікке енгізілетін болады», – деді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында сөйлеген сөзінде. Ол қазақстандықтар бюджет қаржысының жұмсалуы туралы сенімді ақпарат алуға құқы бар екенін атап өтті. «Мемлекет аумағында жүзеге асатын барлық қаржылық операцияларда ашықтық болуы керек», – деді Тоқаев.