Күн райының күрт өзгеруінен бірнеше тас жолы жабылды

Күн райының күрт өзгеруінен бірнеше тас жолы жабылды

Күн райының күрт өзгеруінен бірнеше тас жолы жабылды
ашық дереккөзі
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша бұл ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше тас жолы жабылды. Еліміздің бірнеше аймағында ауа-райының күрт өзгеруі ірі күре жолдардың жабылуына немесе ондағы қозғалысты шектеуге әкеліп соққан. «ҚазАвтоЖол» АҚ хабарлауынша ауа-райының күрт нашарлауы Жамбыл облысындағы Алматы – Ташкент – Термез тас жолының 536-593 шақырымдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысын шектеуге мәжбүрлеген. Дәл осындай шара Алматы-Өскемен тас жолының 558-615 шақырымдарында және Үшаралдан Шығыс Қазақстан облысының шегарасына дейінгі аумақта іске қосылды. Семей – Рубановск тас жолының 3-113 шақырымдары, Глубокое ауылы мен Михайловка ауылы арасындағы тас жолдың 15-123 шақырымдары, Семей-Қайнар тас жолының 8-266 шақырымдары, Өскемен-Серебрянск тас жолының 6-66 шақырымдары жабық. Бұда бөлек, Өскемен – Семей тас жолының 10-198 шақырымдары, Майқапшағай – Омбы тасжолының 906-956 шақырымдарында қозғалысқа шектеу қойылған.