Күн райының күрт өзгеруінен бірнеше тас жолы жабылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша бұл ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше тас жолы жабылды.

Еліміздің бірнеше аймағында ауа-райының күрт өзгеруі ірі күре жолдардың жабылуына немесе ондағы қозғалысты шектеуге әкеліп соққан.

«ҚазАвтоЖол» АҚ хабарлауынша ауа-райының күрт нашарлауы Жамбыл облысындағы Алматы – Ташкент – Термез тас жолының 536-593 шақырымдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысын шектеуге мәжбүрлеген.

Дәл осындай шара Алматы-Өскемен тас жолының 558-615 шақырымдарында және Үшаралдан Шығыс Қазақстан облысының шегарасына дейінгі аумақта іске қосылды.

Семей – Рубановск тас жолының 3-113 шақырымдары, Глубокое ауылы мен Михайловка ауылы арасындағы тас жолдың 15-123 шақырымдары, Семей-Қайнар тас жолының 8-266 шақырымдары, Өскемен-Серебрянск тас жолының 6-66 шақырымдары жабық.

Бұда бөлек, Өскемен – Семей тас жолының 10-198 шақырымдары, Майқапшағай – Омбы тасжолының 906-956 шақырымдарында қозғалысқа шектеу қойылған.

Back to top button