Жаңа елшілер тағайындалды

Жаңа елшілер тағайындалды

Жаңа елшілер тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа елшілерді тағайындады, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарады. Еліміздің Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.