Иманғали Тасмағанбетовтың анасы Ділдә әжей өмірден өтті

Иманғали Тасмағанбетовтың анасы Ділдә әжей өмірден өтті

Иманғали Тасмағанбетовтың анасы Ділдә әжей өмірден өтті
ашық дереккөзі
Мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтың анасы Ділдә Матайқызы 89 жасында өмірден озды. Бұл ақпарат Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайтында жарияланды.  «Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің барша ұжымы Иманғали Нұрғалиұлының анасы, атақты қазақ педагогы, жазушысы – Ділдә Матайқызының өмірден озуына орай орны толмас қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамыз. Ділда апа үлкен жүректі, кең парасатты, ұлтжанды, ақ жарқын жан болатын. Ол өзінің адамгершілігі мен қарапайым мінезі, зор шығармашылық ой-өрісі мен қайраткерлігінің арқасында көпшіліктің көңілінен шығып, ел-жұртының үлкен ілтипатына бөленді. Оның өмір жолы мен шығармашылық еңбегі бүгінгі және келешек жастар үшін өнегелі де өрісті жол. Біз Ділдә Матайқызын әрқашан иманды, мәдениетті, қол ұшын созуға дайын және адамгершілігі зор адам ретінде есте сақтаймыз», – деп жазды елшілік өкілі Жанар Колбачева өзінің фейсбук парақшасында. turkystan.kz редакциясы марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтады. Иманы саламат болсын!