Әлеуметтік жәр­­­де­мақы үшін өтірік ажырасып жатыр

Сондай-ақ!

23 жасар атыраулық қыз Instagram арқылы полиция қызметкерлерін балағаттаған

Атырауда мас күйінде көлік жүргізген 23 жастағы қызды ұсталды. «24 қараша күні 01:35-те Баймұханов көшесінде орналасқан «Магнит» сауда үйі маңында Hyundai маркалы автокөлік тоқтатылды. Аталған...

Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлімдеді. «ҚР Сыбайлас...

Ұлттық банк теңгенің нығаюын түсіндірді

Апта басында бір долларға шаққандағы бағам 427,98 теңге болса, бүгін ұлттық валюта қыркүйек айынан бері алғаш рет 423 деңгейіне жетті. Ұлттық банктің Монетарлық операциялар...

Елбасының Nur Otan партиясы съезінде сөйлеген сөзі (видео)

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті мерейтойлық съезде сөйлеген сөзінде Nur Otan партиясы еліміздегі ең басты саяси күш...

Көпбалалы аналар үшін 2019 жыл 21 мың теңгемен есте қалатын болды. Осынау әлеуметтік көмектің дауы талай әлеуметтік қызметкерді тәлтіректетіп, талай отбасының тағдырын шешті.

Отағасы мен отанасының та­бысы отбасындағы әр адамға шаққанда 21 мың теңгеге жетпесе, әр адамға мемлекеттен осынша ақша төленеді дегенді естіген жұрт халыққа қызмет көрсету орта­­лығына қарай ағылды. Кей­бірі­нің табысы шын мәнінде жетпесе, кейбірінде сәл-пәл асып кетіп жатты. Не керек, ілін­­­гендер қарық болып, ал қол жет­кізе алмағандардың кейбірі түрлі қитұрқылыққа барудан да тайынбады. Иә, ақша адамға не істет­пейді? Қажеттілік адамды пен­­дешілікке де жетелейді екен. Жал­ған құжат өткізу былай тұрсын, отбасылық табыс мекенжай құ­жа­тына тіркелген адамның бәрін қосып есептелетін болған соң зейнетақы табысқа кіріп кетеді деп, ХҚК орталығынан ме­кен­жайын ауыстырту үшін бүк­шең­деген, таяқ ұстаған талай қа­рияны жетектегендерді де кез­­­­­дестірдік-ау. Ана баласынан мына баласының үйіне немесе қы­зының, ағайынының үйіне тіркеліп жатқандардан аяқ алып жүре алмайсыз. Бір-бірімен жан­жал­­дасу, кезекке талас, бәрі-бәрі бол­ды. Ол кездегі әлеу­мет­тік қызметкерлердің жүй­кесін де түсінуге болады. Қара­пайым ха­лыққа түсіндіру де қиын, бір сұра­­ғанын тағы келіп сұрайды. Міне, жарты жыл бойы халыққа қыз­мет көрсету орталығы осындай дүрбелеңге ұласты.

Ең сорақысы, әлеуметтік жәр­­­де­мақы үшін құжат жүзінде не­кесін бұзып жатқандар да кез­десті. Әй­­теуір, жәрдемақыны алудың не­бір айла-әрекеті көз алды­мыз­да қа­лыпты жағдай сияқты өтіп жатыр.

Жуырда ақпараттық коммуни­ка­циялар орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрғали Егембердиев жыл басынан бері мегаполисте 7 437 жұп неке қидырса, 2 605 ажы­расу тіркелгенін атап өтті.

Ал негізінен судьялықпен қатар медиаторлықты да қоса атқаратын Шымкент қаласы Еңбекші аудан­дық сотының судьясы Қайрат Ізба­саров сотқа келіп түскен неке бұзу туралы талап-арызда түрлі себептердің болатынын және биыл әлеуметтік жәрдемақы алу үшін де ажы­расуға бел буған жағдай­лар­дың да жиі орын алғанын жасырмады. «Жыл басынан бері неке бұзуға арыз берген тараптарды талдағанымызда істің 35 пайызы татуластыру бойынша аяқталды. Яғни, ажырасамын деп ниеттеніп келгендердің біраз бөлігін қайта татуластырып, отбасын сақтап қалдық. Жұбайлардың арасында түрлі жағдай бойынша жараспай қалғандар бар. Неке бұзу бойынша келіп түскен талап-арыздың биылғы ерекшелігі де арнайы әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін деген сылтаулар кездесті. Оларға «не үшін ажырасасыз?» деп сұрақ қой­ға­ны­мызда, «жалғызбасты ана неме­се асыраушысынан айырылған деген мәртебе алсақ мемлекеттен көбірек қолдау көреміз бе деп отырмыз» деген жауапты да естідік. Тіпті, бірге тұрамыз, бірақ некелікті бұзыңыз деп те жатады. Біз оларға мемлекеттен берілетін жәрдемақының ондай мәртебеге ешқандай қатысы жоқ екенін, бастысы, табыс деңгейі екенін айтып түсіндірдік. Кейбірі оны түсініп, талап-арыздарын қайтарып алды», – дейді Қайрат Ізбасаров.

Иә, қарапайым халық үшін осындай шулы жыл болған биылғы жыл, сірә, ұмытыла қоймас. Шым­кент­те атаулы әлеуметтік көмек алу барысында кірісін жасырған 3 030 отбасыға төлем тоқтатылып, 4 521 отбасыға қайта есеп­теулер жүргізілген.

Сонда қазақ қоғамындағы отбасы құндылықтарының құлды­рау­ға ұшырап бара жатқаны ащы да болса шындық болғаны ғой…

aikyn.kz

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....
ағаштарды заңсыз кескен

Sulpak маңындағы ағаштарды заңсыз кескен адам анықталды

Алматыдағы Sulpak дүкенінің алдындағы ағаштарды кескен негізгі күдіктінің кім екені анықталды деп...
мас күйінде көлік жүргізген

23 жасар атыраулық қыз Instagram арқылы полиция қызметкерлерін балағаттаған

Атырауда мас күйінде көлік жүргізген 23 жастағы қызды ұсталды. «24 қараша күні 01:35-те...

Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3...

Ұлттық банк теңгенің нығаюын түсіндірді

Апта басында бір долларға шаққандағы бағам 427,98 теңге болса, бүгін ұлттық валюта...

Елбасының Nur Otan партиясы съезінде сөйлеген сөзі (видео)

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...