Денсаулық кодексіне қарсы петиция – Біртанов WhatsApp хабарламаға қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа Денсаулық кодексіне қарсы петицияға қатысты жаңалықтарға түсініктеме берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство басшысы WhatsApp мессенджеріне бірнеше хабарлама түскенін атап өтті, онда «белгісіз белсенділер жаңа денсаулық сақтау кодексін парламенттен қайтарып алу туралы петицияға қол қоюды сұрайды». Хабарламада кодекстегі өзгертулер қайтыс болған Қазақстан азаматтарынан тәркіленген ағзаларды шетелге шығаруға мүмкіндік береді делінген.

«Өткен жылдың күзінен бастап істеліп жатқан барлық жұмысты нөлдік деңгейге түсіргісі келетіндердің себебі, менің ойымша, прогреске деген қорқыныш немесе пациенттер мен дәрігерлер үшін басталып жатқан жағымды өзгерістерді түсінбеу. Мен бұл қорқынышты түсінемін, бәрі өзгеруден қорқады. Бірақ біз денсаулық сақтаудың дамыған жүйесін алғымыз келеді. Бұл кодекс – қазіргі мүмкіндіктерімізді ескере отырып, дамыған елдердің денсаулық сақтаудың озық тәжірибелеріне көшу туралы халықтың сұранысына жауап», – дейді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен министрдің жеке құрамы кодекс бойынша барлық сұрақтарға кезекті рет жауап беруге дайын. Министр барлығын 23 желтоқсанда сағат 11.00-де Астана медицина университетінде, Бейбітшілік, 49А мекен-жайы бойынша өтетін кездесуге шақырды.

«Егер кездесу уақыты өзгерсе, мен қосымша жазамын. Біз сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз. Егер бұл кездесу жеткіліксіз болса, біз оларды жүйелі түрде өткізуге дайынбыз: көптеген реформалар бар, одан да көп сұрақтар бар», – деп түйіндеді министр.

Back to top button