Тасмағамбетов тергеуге алынды

Атырау облысында К департаментi басшысының орынбасары қызметiнде жүрген Тасмағамбетов «пара алды» деген күдiкке iлiндi. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi мәлiмдедi.

«Ол облыстық Кiрiс департаментi жанама салықтар әкiмшiлiгi басқармасының басшысынан талап еткен 10 мың доллар параның 3 мың долларын алған деген күдiкке iлiндi. Қызметте өсiруге, қолдап жүруге уәде еткен»,- делiнген хабарламада.

Sn.kz сайтының мәлiметiнше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң жедел тергеу тобы Атырау облыстық мемлекеттiк Кiрiс департаментi басшысының орынбасары Ғ.Досмағамбетовтi және Кiрiс департаментi аудит басқармасының басшысы А.Абдрахмановты ұстаған. Олардың мекен-жайына, жұмыс орнына тiнту жүргiзiлген.

Сонымен қатар, Атырау облыстық Кiрiс департаментi басшысының орынбасары Құрманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовтi тергеуге алған. Жедел тергеу шаралары әлi жүрiп жатыр. Жемқорлық бойынша қылмыстық iс қозғалғаны да белгiлi болды.

Back to top button