«Жұмыс нәтижесі белгісіз» – Президент Есеп комитетіне тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Есеп комитетіне аудиторлық қызметтің нәтижелерін жариялауға тапсырма берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаржылық бақылаудың жоғары органы бюджеттік қаржының тиімсіз игерілуінің қаржылық бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмысты жүргізуде. Алайда осы күнге дейін бұл жұмыстың нәтижесі егжей-тегжейлі жарияланбады. Сондықтан 2020 жылдың қаңтарынан бастап Есеп комитеті тексерілетін меморгандар мен ұйымдар бойынша өзінің аудиторлық шараларының негізгі нәтижелерін жариялайтындығы туралы шешім қабылдадым», – деді Мемлекет басшысы.

Back to top button