Еліміздегі мүгедек жандардың 25% ғана жұмыспен қамтылған

Еліміздегі мүгедек жандардың 25% ғана жұмыспен қамтылған

Еліміздегі мүгедек жандардың 25% ғана жұмыспен қамтылған
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында бірқатар маңызды мәселелер айтылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдарды қабылдау үшін арнайы квота бөлуі тиістігін айтты. «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетудің тиімді жүйесін енгізу қажет. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне жүгінсек, еліміздегі 106 мың мүмкіндігі шектеулі адамның 25 пайызы ғана жұмыспен қамтылған. Жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдарды қабылдауы үшін арнайы квота бөлуі тиіс», – деді Қ.Тоқаев.