Президент ұлтжанды азаматтарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды

Президент ұлтжанды азаматтарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды

Президент ұлтжанды азаматтарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды
ашық дереккөзі
Бүгін Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлады.  Президент ұлтжанды азаматтар мен түрлі қоғам өкілдерін бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау үшін ғарыштық мониторингілеуді қолдану қажеттігін айтты. Соңғы кездері қоғамның қызу талқысына түскен латын әліпбиіне көшуде асығыстық танытуға болмайтына тоқталды. Халықтың осал тұсы мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетудің тиімді тетіктерін әзірлеу қажеттігін де айтты. Алдағы уақытта ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмекті күшейеді. Жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдарға квота бөлінеді. Сондай-ақ жиында Президент Үкімет бос жатқан жерлерді айналымға енгізу шараларын қолға алуы тиіс деген тапсырма берді.