Aта-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қолдауды күшейту керек – Президент

Aта-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қолдауды күшейту керек – Президент

Aта-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қолдауды күшейту керек – Президент
ашық дереккөзі
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға кешенді әлеуметтік патронаттық қолдауды күшейту керегін айтты, – деп хабарлайды «Қазақпарат». «Еңбек етуге ынталандырудың жаңа тәсілдеріне мән беріліп, атаулы әлеуметтік көмекті асыра пайдалану барынша азаяды. Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кешенді әлеуметтік патронаттық қолдауды күшейту керек деп санаймын. Білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесін шешуге арналған негізгі талаптар баршаға түсінікті болуы қажет», – деді Президент. Ол Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бұл мәселелерді шешуге бизнес өкілдері мен мемлекеттік компанияларды тарту қолға алынғанын атап өтті. «Осы тәжірибені басқа да өңірлерге тарату керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.