Нұр-Сұлтан-Қостанай бағыты бойынша әуе билеті – 5999 теңге
Нұр-Сұлтан-Қостанай бағыты бойынша әуе билеті – 5999 теңге
FlyArystan-ның Нұр-Сұлтан-Қостанай бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылды.
Жалпы Airbus 320 әуе ұшағына 180 адам емін-еркі сыяды. Билет бағасы да қол жетімді. Небары 5999 теңгеден басталады.
Обылыс әкімі Архимед Мұқамбетов Нұр-Сұлтан бағытынан Қостанай бағытына FlyArystan-ның алғашқы рейсін салтанатты түрде қала жұртшылығымен бірге күтіп алды.
– FlyArystan бюджеттік әуе компания екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазақстандағы ең үлкен әуе компаниясы – AirAstana. Қостанай қаласы тұрғындары атынан AirAstana басшылығына зор алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар FlyArystan-ның билет сату жөніндегі менеджері Жанар Жайлауова алдағы уақытта басқа қалаларға да әуе рейсі ашылатынын айтты.
– Ол үшін облыс әкімдіктері және AirAstana компаниясынан қолдау керек, – деді Жанар Жайлауова.
aikyn.kz