"Трамптың өкілеттілігі аяқталды" деп санамаймын – Путин

"Трамптың өкілеттілігі аяқталды" деп санамаймын – Путин

"Трамптың өкілеттілігі аяқталды" деп санамаймын – Путин
ашық дереккөзі
Ресей президенті Владимир Путин АҚШ басшысы Дональд Трампқа импичмент жариялануына қатысты пікірін айтты. "Спутник Қазақстанның" хабарлауынша, Путин қазіргі уақытта Трамптың өкілеттілігі аяқталды деп қабылдауға болмайтынын, себебі импичментті рәсімдеу үшін тағы бірқатар шараны атқару қажеттігін айтқан. "Трамптың өкілеттілігі аяқталды" деп санамаймын. Себебі оны әлі сенаттан өткізу керек. Білуімше, ол жерде республикашылардың үлесі аз емес. Олар өз партиясының өкілін биліктен шеттетпейді-ау. Меніңше, импичменттің себептерін ойдан шығара салған", – деді Путин баспасөз мәслихатында. Ресей басшысының сөзіне қарағанда, бүгінде демократиялық партия сайлауда ұтылғаннан кейін өз мақсатына басқа жолмен жетуге тырысып жатыр. Путин мұны "ішкі саяси күрестің жалғасы", – деп санайды. Айта кетейік, АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Дональд Трамптың импичментін қолдады. Оған Трампқа қатысты екі айып негіз болды. Біріншісі – қызмет бабын асыра пайдалану, екіншісі – конгреске кедергі жасау. Парламентте демократтар да импичментті қолдады. Олар дауыстың басым бөлігіне ие. Ал республикашылар қарсы. Енді, бұл мәселе сенатта қаралады. Сенат сот отырысын өткізіп, Дональд Трампты жауапқа тартуы шарт. АҚШ президентін қызметінен шеттету үшін сенаторлардың жартысынан көбі дауыс беруі керек.