Биыл 2,5 миллион интернет абоненті тіркелген

Биыл 2,5 миллион интернет абоненті тіркелген

Биыл 2,5 миллион интернет абоненті тіркелген
ашық дереккөзі
Қазақстанда биылғы қараша айының соңында 2,5 миллион интернет абоненті тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайызға кем. Ranking сарапшыларының зерттеуінде абоненттердің 98 пайызы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернет пайдаланады делінген. Бұл туралы tengrinews.kz жазды.  Интернет абоненттерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 2018 жылғы 14 бірліктен биыл 13-ке дейін төмендеді. "Тіркелген Интернет абоненттері санының азаю себептерінің бірі – тұтынушылардың біртіндеп ұялы байланысқа көшуі. Осылайша, желтоқсан айында елде интернеті бар 15,2 миллион ұялы байланыс абоненті тіркелген – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 7,5 пайызға артық (14,1 миллион абонент)", – делінген зерттеуде. Жалпы бүкіл әлемде 4,5 миллиардтан аса интернет пайдаланушысы бар. Он жыл бұрын интернетті тек 1,7 миллиард абонент немесе жер халқының жалпы санының 24,7 пайызы пайдаланған. Сарапшылардың пайымынша, біздің елдегі интернеттің жылдамдығы жоғары деңгейде емес. Әлемнің 176 елінің ішінде бұл 67-көрсеткіш, бұл ретте ҚР интернет жылдамдығы Сент-Винсент және Гренадины, Вьетнам, Тринидад және Тобаго, Косово, Барбадос сияқты елдерге жол береді. Интернет жылдамдығы ең жоғары ел – Сингапур (секундына 193,2 Мбит). Екінші орынды Оңтүстік Корея, интернет жылдамдығы 164,12 с/Мбит. Үштікті Гонконг қорытындылап отыр – 157,64 с/Мбит. Интернеттің ең жоғары жылдамдығы бар он елдің қатарына Монако, Румыния, Швейцария, Франция, Лихтенштейн, АҚШ және Венгрия кірді. "Қазақстандағы интернеттің құны – әлемдегі ең төменгілердің бірі. Picodi.com порталының мәліметі бойынша, интернет жылдамдығы 70 с/Мбит дейін танымал қазақстандық ресурстарға шығатын жылдамдық 100 с/Мбитке дейін абоненттік төлем айына 5 999 теңге, трафигі шектеусіз. Ең жиі зерттелген елдердің көпшілігінде ұсынылатын жылдамдық (62-ден 55-і) – 100 с/Мбит. Интернетке қосылудың мұндай жылдамдығы бірнеше құрылғыларда бір уақытта сайттарды еркін қарауға және стриминг сервистерін ең жақсы сапада – 4K (UHD) пайдалануға мүмкіндік береді. Осы себепті 100 с/Мбит жылдамдығы одан әрі зерттеу үшін алынды", – делінген зерттеуде.