Әлемде көмекке мұқтаж 26 миллионға жуық босқын бар

Әлемде көмекке мұқтаж 26 миллионға жуық босқын бар

Әлемде көмекке мұқтаж 26 миллионға жуық босқын бар
ашық дереккөзі
AҚШ босқындарға көмек ретiнде БҰҰ-ға 3 млрд доллар аударды, – деп хабарлайды Atameken Business. Босқындарды елге жолатпаудың барлық амалын қарастырған билiк осылайша ақша берiп құтылғысы келеді. Биыл америкалықтар небәрi 50 мың адамға орын тауып берген. Келесi жылы 18 мыңын ғана қабылдайды. Әлем бойынша көмекке мұқтаж 26 миллионға жуық босқын бар. Германия жүздеген мың сириялықты қабылдап, 1,7 млрд еуро бөлген. Дүниежүзiлiк банк те қалыптасқан жағдайды ескере отырып, биыл босқындарға бөлетiн қаржысын 10 пайызға көбейттi. Бiрақ сонда да бұл мәселенi шешуге жетпейдi. «АҚШ қосымша 3 млрд доллар бөлетiн болды. Дүниежүзiлiк банк те басқа мiндеттiмiз үшiн 3 млрд доллар қарастырды. Жеке сектордан 250 млн түседi. Барлығы да онлайн жүйе арқылы бақыланады. Бiрақ тағы бiр мәселе бар. Бiр ел босқындарды жақсы қабылдаса, ендi бiрi ақша берiп құтылады. Ауқатты елдерге де оларды жiберiп, жауапкершiлiгiн күшейту керек», – дейдi БҰҰ-ның босқындар iсiне жауапты бас комиссары Филиппо Гранди.