«Министрдің қабылдауын ұйымдастыру құны» – 5 мың АҚШ доллары, айыппұл – 57 млн теңге

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы А.Сұлтанғазинге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Айта кетейік, экс-басшы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген болатын. 

Оған Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры А.Едрисовке еліміздің Білім және ғылым министрінің жеке қабылдауын ұйымдастырғаны үшін одан 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген айып тағылды.

Осы жылдың 18 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық №2 сотының үкімімен А.Ж.Сұлтанғазин кінәлі деп танылып, оған 57 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Енді бұл кісі өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Back to top button