«Ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін» – Сыртқы істер министрі елшінің қазасына қатысты пікірін айтты

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мысырдағы қазақ дипломатының жұмбақ жағдайда қаза табуына қатысты пікір білдірді.

Zakon.kz-тің жазуынша, «Тексеріс нәтижесін күтіп отырмыз. Бір нұсқасы, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Бұл – біз үшін орны толмас қайғы, ауыр тиді. Ол бізбен бірге бірнеше жыл жұмыс істеген өте сауатты маман болатын», – деген ведомство басшысы. Осы жазда Еламан Жолдасовтың Мысырдағы үшжылдық іс-сапары ақталуы тиіс еді. Алайда Мұхтар Тілеуберді оның елшіліктегі жұмысы маңызды болғанын айтып, заңға сәйкес, қызметін бір жылға ұзартып бергендерін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Египеттегі Қазақстан елшілігінің мәдени-гуманитарлық мәселелер бойынша қызметкерінің қазасына байланысты осы елдің полициясы қылмыстық іс қозғағанын жазған болатынбыз.

Back to top button