Ұстаздықтан дипломатияға дейін...

Ұстаздықтан дипломатияға дейін...

Ұстаздықтан дипломатияға дейін...
ашық дереккөзі
Сыртқы саясат саласында мол тәжірибеге ие білікті дипломат Қайрат Әбдірахманов өзіне тән кәсібилігімен танымал тұлға және тарихшы ғалым. Ол 1964 жылы Талдықорған облысында дүние­ге келген. 1987 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша тамамдап шығады. Қайрат Әбдірахмановтың ал­ғашқы еңбек жолы ұстаздықтан басталған. 1987-1991 жылдары Ленин атындағы Қазақ по­литехникалық институтында сая­си тарих кафедрасында оқы­тушы болады. Педагогика сала­сы­н­ың өзі болашақ дипломатқа кә­сіби дағдыларын жинақтауда тың сер­пін болды десек, артық айтқан­дық емес. Ғылым жолына да бет бұрған Қайрат Құдайбергенұлы 1991-1993 жылдары Қазақ мемле­кет­тік университетінде аспирант болады. Осылайша, ұстаздық пен ғы­лым жолында жүрген Қай­рат Құдайбергенұлының Сырт­қы істер министрлігіндегі ең­бек жолы дәл осы 1993 жылы бас­талады. Төрт жыл аралығында ол дипломатияда пісіп, жетіліп, қан­шама іс-тәжірибеден өтті. 1993-тен 1997-ге дейінгі төрт жыл­дың ішінде ІІІ, ІІ хатшы, бөлім бас­шысы, Сыртқы істер министрлігі Азия елдері басқарма бас­шы­сының орынбасары қызметтерін атқарады. Ал 1997 жылы Азия ел­дері басқарма департаменті бас­шысы лауазымына тағайындалып, бір жыл кө­ле­мінде Азия, Таяу Шығыс және Аф­рика басқармасы­ның басшысы – СІМ төртінші департаменті бас­шы­сының орынбасары болады. Кейіннен 1998-1999 жылдар аралығында СІМ үшін­ші департамент басшысы атанады. Ал 1999 жылы СІМ екіжақты қа­рым-қатынас департаментінің бас­шысы болады. 1999 жылдан 2001 жылға дейін Қайрат Құдай­бергенұлы СІМ вице-министрі лауазымына тағайындалады. Вице-министр атану қызметіне ғана емес, жалпы өзін кәсіби тұрғыда да­мытуына зор мүмкіндіктерге жол ашады. Екі жыл аталған қыз­мет­те болып, оны табысты атқар­ған­нан кейін 2001-2003 жылдары Қазақстан елшілігінің Ұлыбри­та­ниядағы кеңесші-уәкілі болады. 2003 жылдан бастап Қайрат Әб­дірахмановтың  елші ретіндегі қызметі басталады. Дәл сол жылы Қазақстанның Израильдегі Төтен­ше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалады. Кез келген дипломат үшін елшілік үлкен салмағы мен жауапкершілігі бар қызмет. Бітім­дестіру, мәмілеге қабілетті болу, кез келген саяси жағдайда са­рабдал әрі көреген шешім қа­был­дау бірінші кезекте кәсіби дағ­дыға сүйенсе, екінші кезекте ма­манның бар қабілетін аша түсе­ді. Қайрат Әбдірахманов елшілік қызметте өзін жан-жақты көр­сете білді. 2006 жылы елге қайта оралып, бір жыл көлемінде Сыртқы істер министрінің орынбасары болады. 2007 жылы елшілік қызметін қай­та жалғап, 2008 жылға дейін Қа­зақстанның Австриядағы Төтенше және өкілетті елшісі, сондай-ақ Вена қаласындағы Қазақстанның ха­лықаралық ұйымдардағы тұ­рақ­ты өкілі болады. 2013 жылдан бастап Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі атанады. Қайрат Әбдірахманов 2016 жыл­дың 28 желтоқ­саны­нан бастап Қазақстанның Сыртқы істер министрі лауазымына та­ғайындалады. Бұған дейін сыртқы саясат саласында хатшылық, елші­лік, вице-министр т.б лауазымдарды алып жүрген Қайрат Құдай­бер­ген­ұлы Сыртқы істер министрі бол­ған сәттен бастап сол уақытқа дейін жинақталған тәжірибесін сәтті қолдана білді. Сыртқы саясат саласының білікті басшысы имиджін қалыптастыра алды. Қайрат Құдайбергенұлы сыртқы ве­домство­ға басшылық еткен жылдары Қазақстан халықаралық аре­надағы бірқатар ірі маңызды шараларға алаң ұсынып, өзі төра­ғалық еткен сәттері болды. Мә­се­лен, Сирия Араб Республика­сын­дағы жағдай бойынша Сирия дағ­дарысын шешуде Астана (қа­зір­гі Нұр-Сұлтан қаласы) бітімгерлік алаң ұсынғаны баршаға мәлім. Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, оның сыртқы саясатты қадаға­лай­тын ведомствосы үшін де өте жауап­ты процесс екені онсыз да тү­сі­нікті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен Сирия дағда­ры­сын шешуде Астана процесі Сыртқы істер министрлігіне зор жауапкершілік артты. Қайрат Әбдірахманов аталған келіссөз­дердің әр раундында Қазақстан тарабының ұстанымын жеткізіп, кепілгер ел өкілдері делегациясымен бір үстел басына жайғасып, мәселенің оң шешім табуына кеңі­нен үлес қосты. Сирия бойынша Астана процесі әлі күнге дейін жалғасып келеді және бітімгер­лік­тің ең тартымды алаңы­на айналды. Бүгінде Сирия Араб Респуб­ликасындағы жағдай тұрақталып, Астана процесі алаңын­да кепілгер мемлекеттер өз міндеттерін орындауда. Әрине саяси шиеленістер болмай тұр­майды. Дегенмен елордада өткен әр келіссөз белгілі бір жетіс­тік­терге қол жеткізіп ке­леді. Қайрат Әбдірахманов Сырт­қы істер министрі болған­да Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйы­мына төрағалық етті, әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыла­ры­ның кезекті алтыншы съезі өтті, Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кезекті отырысын өткізді, ғылым мен техника бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Аталған халықаралық маңызы зор іс-шаралардың басы-қасында министрлік басшысы ретінде Қайрат Әбдірахманов жүрді. Сыртқы істер министрі ре­тіндегі миссиясын 2019 жылы сәтті аяқтаған Әбдірахманов 2019 жыл­дың 18 наурызынан Қазақ­станның Швеция Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Өте байсалды әрі өз сала­сы­ның білгір маманы бола біл­ген Қайрат Құдайбергенұлы «Құр­мет», «Парасат» ордендерінің ие­гері атанып, мерейтойлық медаль­дерге ие болған. Қазақстан Пре­зидентінің алғысхатымен, «Қазақстан Республикасы туризмін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Төтенше жә­не Өкілетті Елші диплома­тия­лық рангы бар Қайрат Әбдірах­манов бүгінде елдің сыртқы саясаты бойынша жемісті де білікті қызметін жалғастырып келеді.  

Олжас БЕРКІНБАЕВ,

саяси ғылымдар магистрі