Мемлекеттік стипендиялардың иелері анықталды

Мемлекеттік стипендиялардың иелері анықталды

Мемлекеттік стипендиялардың иелері анықталды
ашық дереккөзі
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Алматы қаласына келді. Гүлшара Наушақызы Елбасының арнайы тапсырмасы бойынша мәдениет және өнер қайраткерлеріне 2014 жылғы Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды табыстады. Салтанатты марапаттау рәсімін ашқан Мемлекеттік хатшы ең алдымен, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевті 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Өткен жылы отандық мәдениетті дамытуға үлкен үлестерін қосқан әдебиет және өнер саласының 100 қайраткеріне стипендия тағайындалыпты. Мемлекеттік стипендияға ие болғандардың қатарында Олжас Сүлейменов, Мырзатай Жолдасбеков, Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев, Владимир Толоконников, Асанәлі Әшімов, Юрий Померанцев, Шерхан Мұртаза, Анатолий Молодов сынды қайраткерлермен қатар Алан Бөрібаев, Еркебұлан Дайыров, Әйгерім Бекетаева, Жанель Төкеева, Әлия Телебарисова, Қасымхан Бұғыбай секілді жас таланттар да бар. «Елбасы отандық мәдениетке қолдау көрсетіп, шығармашылық адамдарына демеу көрсетіп келеді. Былтыр өздеріңізге белгілі Елбасы тапсырмасы бойынша мәдени саясаттың ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдама – ел мәдениеті дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Қазақстанның әдебиеті мен мәдениетін жаңа биіктерге көтеру міндеті тұр», – деді Мемлекеттік хатшы марапаттау рәсімінде.