Жаңалықтар

«Бәйтерек» кешені іске қосылмақ

ашық дереккөзі

«Бәйтерек» кешені іске қосылмақ

Кеше Мәжілістің жалпы отырысында «Байқоңыр» ға­рыш айлағында «Бәйтерек» зымыран кешенін құру мәсе­лесі қаралып, бастама депутаттар тарапынан қолдау тапты. «Бәйтерек» зымыран кешені – Қа­зақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы. Жоспар бойынша «Союз-5» зымырандарын ұшыруға арналған кешен «Зенит-М» ғарыш зымыран базасында құрылуы тиіс. «Бұл – әлеуметтік жа­ғы­нан өте маңызды жоба. Өйткені «Бай­қоңыр» айлағында алғаш рет жа­салған жоба. Бұл Байқоңырда біз­дің бірінші объектіміз болады. Біздің мамандар осында жұмыс істейді. Екіншіден, жобада 500-ден аса Қазақ­ста­нымыздың мамандары жұмыс іс­тейтін болады», – дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнер­кәсібі министрі Асқар Жұма­ға­лиев. Сонымен қатар министр «Протон» экологиялық жағынан тиімсіз еке­нін, өйткені бұл тасымалдағыш зы­мыранда гептил отыны пайдаланы­латынын жеткізді. «Союз-5» тасы­мал­дағышында гептил отыны пайдаланылмайды, яғни онда оттегі мен керосин отыны болады. Осы орайда, эко­логиялық жағынан әлдеқайда тиім­дірек. Бұл ретте экологиялық тұр­ғыда мәселе туындамайды. Сон­дай-ақ коммерциялық жағынан «Союз-5» зымыран тасымалдағышы «Про­тонмен» салыстырғанда тиімді», – деді Асқар Жұмағалиев.