Мемлекеттік кірістер департаменті «Олимптың» былығын әшкереледі
Мемлекеттік кірістер департаменті «Олимптың» былығын әшкереледі
Прокуратура «Олимп» деген ортақ тауар белгісімен жұмыс істейтін «Олимп.kz» букмекерлік кеңсесі ЖШС мен «Alpha-bet» ЖШС қызметіне салықтық тексеру жүргізді.
Қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті аталған ЖШС-ның соңғы 5 жылдағы ойын бизнесіндегі қызметін, қаржылық айналымын 5 ай бойы тексерді.
Салықтық тексеру нәтижесінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды қосқанда «Олимп.kz» букмекерлік кеңсесі ЖШС 62 млрд теңге, «Alpha-bet» ЖШС-ның 83 млрд теңге көлемінде салықтық берешегі бар екендігі белгілі болды.
Мұның алдында Ұлттық қауіпсіздік органдары мен прокуратура «Олимп» букмекерлік кеңсесінің қызметінен Қазақстаннан заңсыз ақша шығару жолдарын әшкерелеген болатын. Осыған байланысты заңсыз ойын бизнесін ұымдастыруға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Алматы мамандандырылған ауданаралық соты «Onlybet» және «Alpha-bet» ЖШС лицензиясын тоқтату туралы шешім қабылдады.