Әз-Тәуке реформалары қазақ елінің тұрмысын түбегейлі өзгертті

 

«Тәукенің атын атасақ, бар қазақтың жүрегін

алғыс кернеп, мақтаныш билейді. Қазақ ордасының

Ликургі, Айдаһары – сол адам…»

Алексей Левшин, орыс тарихшысы.

XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының құрылуымен Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның көшпелі және отырықшы – егінші халқын этникалық және саяси жағынан топтастыру аяқталды. Қазақ халқының қалыптасу үдерісі аяқталып, жергілікті этникалық негізде мемлекеттілік қалпына келтірілді, тәуелсіз ішкі-сыртқы саясат жүргізілді. Жошы ұрпақтары Керей мен Жәнібек хан тарихи екі мәселені – Қазақ мемлекеттілігі мен халық болып қалыптасу үдерісін шешіп берді. Осылайша ХІІІ-XV ғасырлардағы Дешті Қыпшақ жерін қамтыған Ақ Орда мемлекетінің заңды мұрагері болған Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан мен оған көршілес аумақтарда моңғол дәуірінен кейінгі уақытта жүрген этносаяси және әлеуметтік – экономикалық үдерістердің заңды қорытындысы болып табылады.

Жаңа мемлекеттің құрылған уақыты туралы мәлімет қалдырған ортағасырлық тарихшы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати болды. Ол өзінің парсы тілінде жазған атақты «Тарих-и Рашиди» еңбегінде: «…Бұл күндері Әбілхайыр ханның билігі Дешті Қыпшаққа түгел жүріп тұрды. Ол жошылық сұлтандар Керей мен Жәнібек хандарға тізесін батырып, олар Моғолстанға қашып кетті. Есен-Бұға хан (Моғолстан билеушісі) оларды жылы қабылдап, Моғолстанның батысындағы, Шу өзені бойындағы Қозыбасы деген жерді берді. Олар сонда орналасып, жағдайы оңалып қалған кезде Әбілхайыр хан қайтыс болды. Өзбек ұлысында өзара алауыздық басталып, көптеген халық Керей мен Жәнібек ханға қосылып, олардың қатары толығып, 200 мыңға жетті және «өзбек-қазақтар» деп аталды. Қазақ сұлтандарының билігі хижраның 870 жылы (1465-1466) басталып (ақиқаты Аллаға ғана аян), хижраның 940 жылы (1533-34) қазақтар өзбек ұлысының (Дешті Қыпшақ) көп бөлігіне билік жүргізді» – деп жазды (Дулати Мухаммед Хайдар. Тарих-и Рашиди (Рашидова история): Перевод с персидского языка, 2-е изд. дополненное – Алматы: «Санат», 1999. Стр. 656.)

Тарихта ұлы адамдар аса маңыз­ды оқиғалар мен өте күрделі бет­бұрыс кезеңдерде айқын көрінетіні бел­гілі. Өйткені олар белгілі бір тарихи ірі өзгерістерге белсене қатынаса отырып, оқиғалардың даму барысының жетегінде кетпейді, керісінше өзгерістердің тез немесе баяу болуына, оқиғалардың объективті даму, өрбу бағытына өзіндік ықпал жасайды. Олардың қоғам дамуына қосқан үлесі неғұрлым ауқымды, неғұрлым терең болса, соғұрлым олардың есімі халықтың тарихи санасында өшпестей болып сіңіп, уақыт өте ұрпақтар алдында биікке көтеріле береді. Қазақ хандығы құрылғаннан бастап ел билеген хандардың әрқайсысының сіңірген өзіндік еңбектері орасан.

Керей мен Жәнібек хандар мемлекеттің негізін қалап, оның сара жолын салып берсе, Қасым мен Хақназар хандардың тұсында хандықтың аумағы ұлғайып, Ақ Орда мемлекетінің территориясын қамтыды. Ал Тәуекел, Есім мен Жәңгір хандар кезінде сыртқы жауға тойтарыс беріліп, хандықтың өміршеңдігі айқындалды. Ендігі мемлекеттік деңгейдегі іс тындыру кезегі Тәуке Мұхаммед Баһадүр ханның (1635/1640 – 1715/1718 жж.) еншісіне тиді. Қазақтың ауызша тарихының білгірі, жазушы, этнограф А.Сейдімбек Тәуке ханның елі үшін сіңірген еңбегі туралы былай деп сипаттама береді: «Ханның еңбегі екі қырымен ерекше назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, төңірегіндегі анталаған жауға алдырмағаны болса; ал екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнықтыруында».

ХІХ ғасырда қазақ тарихы туралы тұңғыш көлемді еңбек жазған А.И.Левшин Тәуке ханды көне дәуірдегі гректің әйгілі мемлекет қайраткері Ликургке, теңейді, қазақ Ордасының айдаһары деп, бағалайды және ханның тарихи тұлғасына мынадай сипаттама береді: «Ол бірнеше жылдарға созылған қантөгіс соғыстарды тоқтатып, өзара қырқысуларды тыныштандырды, ол өзінің ақылымен және әділеттілігімен басқаларды бағындыра білді, ол мықтыларды тыныштандырып, әлсіздерді біріктіру арқылы күшті­лер­ге қарсы тұра алатындай етті, ол жалпыға ортақ заң шығарып, сол заңмен өмір сүргізді, қазіргі күнде ол заң қазақтардың есінде сақталған» (Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей (под общ. Ред. Акад. М.К.Козыбаева). – Алматы, «Санат», 2009. – 656 стр.).

Тәуке ханның кезеңі туралы жазба деректерде там-тұмдап қана мәліметтер кездеседі. Мұсылман авторларының еңбектерінде оның билігі кезіндегі оқиғалар туралы үзінділер ғана сақталса, ал қытай жылнамаларында XVII ғасырдағы Қазақ хандығында орын алған кейбір оқиғалар желісі ғана қамтылған. Ал осы кезден бастап Қазақ ордасына ішкерілей түскен Ресей мұрағаттарының қорында сақтаулы бірнеше құжаттар ғана Тәуке ханның есімімен тығыз байланысты. Сондықтан мәселені Тәуке ханның шығу тегінен бастап өрбітелік. 1465-1466 жылдары Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханның 9 ұлының бірі Жәдік сұлтан еді. Қадырғали Жалайыри өз еңбегінде Жәдікті екі рет «хан» лауазымымен атап өтеді (Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. Шағатай-қазақ тілінен аударып, алғы сөзін жазғандар Н.Мингулов, Б.Көмеков, С.Өтениязов. – Алматы: «Қазақстан», 1997. 121 б.).

Жәдіктің ұлы Шығай хан (1580-1582 жж.), одан Есім хан (1598-1628 жж.), одан Салқам Жәңгір хан (128-1652 жж.), одан Әз Тәуке хан (1680-1715/18 жж.). Тәуке ханның толық есімі – оның жеке мөріндегі жазуға қарағанда Тәуекел-Мұхаммед батыр хан болған (Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 276 с.). Ш. Құдайбердіұлы Тәуке ханды Жәңгір ханның қалмақ әйелінен туған ұлы деп жазады (Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы: «Қазақстан», 1991. 25 б.5, 25 б.). Зерттеушілер Тәукенің қайтыс болған жылы мен сол тұстағы жасын мөлшерлей келе, оны шамамен 1635 – 1640 жылдар арасында дүниеге келген деген пікір айтуда. Осы жылдары оның әкесі Жәңгір жоңғар тұтқынында болып, Батыр қонтайшының Жоңғариядағы басты қарсыласы Хүндүлен тайшының көмегімен тұтқыннан босап, елге оралады. Яғни, Тәуке Хүнделен тайшының Жәңгірге қосқан қызынан туған. Салқам Жәңгірдің Тәукеден басқа бірнеше ұлы болды. Шах Махмұд Чорастың дерегінде Жәңгір ханның Тәуке және Абақ деген екі ұлы болғандығы, Абақ сұлтанның үлкен ұл екендігі айтылады (Тарих-и Шах Махмуд бин Мирза Фазил Чорас // МИКХ, С.385.). Т.И. Сұлтанов Абақ сұлтанның есімін нақтылап – Аппақ сұлтан деп түсіндіреді (Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме…). Ал Шәкәрімнің еңбегінде «Жәңгір ханның екі ұлы болған, біріншісі – Тәуке, ал екіншісі – Үргеніштегі Ғайып ханның қызынан туған Уәлибақи. Жәңгірдің орнына Тәуке хан болғанда хандыққа өкпелеп Уәлибақи Ғайып ханға кетіп еді», – деп жазады (Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі…).

Тарихи деректерде Тәуке ханның билік басына келген уақыты нақты көрсетілмейді. Сол себепті зерттеушілердің бір тобы оны таққа 1652 жылы әкесінен кейін мұрагерлік жолмен келген деп санаса, басқа бір топ Тәуке хан 1680 жылы билікке келген деп тұжырым жасайды. Бірақ зерттеушілер 1652 – 1680 жылдар аралығында Қазақ хандығы 28 жыл хансыз тұрды ма деген сауалға әртүрлі болжамдар жасайды (Қазақ мемлекеттілігінің тарихы (ежелгі және ортағасырлық кезең). Монографиялық зерттеу. – Алматы: «Адамар»ЖШС, 2007. – 432 б.7, 418-420 бб.).

Тәуке ханның мемлекет басқарған кезеңі халықаралық жағдайдың, әсіресе, Қазақ хандығының көршілерімен қатынасында маңызды оқиғаларға толы кезең болды. Бұл кезде Жоңғар мемлекетінің жаңа билеушісі Қалдан-Бошоқты (1670-1697 жж.) оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістанға басқыншылық жорықтарды жиілетті. Ойраттармен жүргізілген ауыр да толассыз соғысқа қарамастан, Тәуке хан билеген тұста Қазақ хандығы өз тәуелсіздігін сақтап қана қоймай, ішкі жағдайын да күшейтуге қол жеткізді. XVI ғасыр басында Мәуереннахрда (орталығы Бұхара қаласы) билікке жаңа әулет Аштарханийлер келді. Бұл әулет 1785-1786 жылдарға дейін билікте отырды. Орыс ғалымы Вельямин-Зернов өз еңбегінде Тәуке ханның кезінде Сырдария бойындағы қалаларға үстемдік ету үшін қарулы қақтығыстар болғанын, алайда бұл шиеленістің Қазақ – Бұхар арасында үлкен соғысқа айналмағанын жазады. Тәуке хан кезінде Сырдария бойындағы 32 қала Қазақ хандығына қараған. Ал Тәуке хан Бұхар хандығымен арадағы шиеленісті елшілік байланыстар және сауда-саттық қатынастар жасасу арқылы бейбіт жолмен шешеді (Вельяминов-Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах. Ч. 1-2. СПб., 1863-1864 гг.8, 380 б.). Демек, Тәуке ханның мөріндегі Батыр атының қосылуы да ханның осындай сыртқы қарулы қақтығыстар мен соғыстарда жеңіске жетіп отырғанын білдірсе керек.

Жоңғар хандығымен кескілескен және ұзаққа созылған соғыс Қазақ хандығында саяси және экономикалық жағдайды қиындатты. Сондықтан Тәуке солтүстіктегі көршімен қарым-қатынасты бейбіт жолмен өрбіту мақсатында 1686 – 1693 жылдар аралығында Ресейге маңызды дипломатиялық тапсырмамен 5 рет елшілік аттандырады. Ханның 1694 жылы қазан айында І Петр патшаға жазған хатының сақталған мәтінінде «достық қатынасты қолдауды ұсынғанын» көреміз (Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме…). Яғни, Тәуке ханның кезінде қазақ-орыс қатынасы нығайып, жаңа арнаға түсті. Алайда патша үкіметі «ұзын арқан, кең тұсау» саясатымен достық қатынасты қолдайтын сыңай таныта қоймады.

Өзінің «шығысты иелену» сая­сатын бастап кеткен Ресей үкіметі Қазақ ордасымен бейбіт, достық қатынас орнатуға мүдделі еместігін байқатты. Қазақ елшілерін жөн-жорал­ғыға сай қабылдамады, Тобылдан әрі асырмай, кейбір реттерде елшілерді тұтқын ретінде ұстады. Сондай-ақ, Қазақ жерімен шекаралас аралықтарда бекініс-қамалдарын күшейте түсіп, «бөл­шектеп жалмау» тәсілін қол­данды. Алайда Әз-Тәуке хан Түркіс­тан­ға келген орыс елшілеріне «Түріктің сұлтаны мен қызылбастың шаһынан кемдігім жоқ!» дей отырып, зорлыққа көнбейтінін және ешкімге бас ұрмайтынын жеткізді (Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2008. – 240 б.). Әйтседе Ресейдің көршіге көз алартуы мен Жоңғарды отты қарумен жарақтандыруы, қонтайшы Сыбан Рабданның (1697 – 1727 жж.) қазақ-жоңғар соғысын өршітуі Тәукенің қазақ жерін Ресей қамқорлығына алу туралы ұсыныс жасауына әкеп соқты. Өз заманының сұңғыла саясаткері, ақылман билеуші болған Тәукенің мұндай қадамға баруының өзі бізге сол кездегі сыртқы жағдайдың ушығып кеткенін аңғартады.

Тәуке дана билеуші ретінде халық есінде қалды. Ол қасына ақылды адамдарды жинап, Хан кеңесі ішінде елдің жай-жапсарын жақсы білетін, өз заманының «орақ тілді» шешендері Төле, Қазыбек және Әйтеке билер арқылы елдегі ішкі саясатты реттеп отырды. Билер кеңесінің көмегіне жүгіне отырып, «Жеті жарғы» аталған заң жүйесін жасады. Қоғамдық салт-сананы заңмен ретке келтірген Тәуке хан үш жүздің саяси-шаруашылық жағ­дайын нығайтып, біртұтас хан­дықтың ыдырап кетуіне жол бермей, барлық күшті – Жоңғарға қарсы күреске жұмылдыра алды.

Хандықты нығайтуда «Жеті жар­ғы» заңдар жинағының маңызы ерекше болғаны сөзсіз. Бірақ бүгінгі күнге дейін бұл заңдар жинағының жазба түрі бар ма, әлде жоқ па оны ешкім нақтылай алмайды. Бұл заңдар жинағы бізге орыс ғалымдары Г.Спасский (1820 ж.) мен А.Левшиннің (1832 ж.) жазбаларынан белгілі болып отыр. «Жарғының» 11 тармақтан тұратын үзіндісін (1804 жылы жаппас руының старшыны Көбек Шүкіралиевтің жазбасы бойынша) 1820 жылы орыс ғалымы Г.Спасский «Сибирский вестник»-тің 2 бөлімінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші баспасын қазақ тарихының білгірі А.Левшин өзінің «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей» 3 бөлімінде 34 тармақпен жариялады (Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме…).

Зерттеушілердің барлығы да «Жеті жарғыда» көрсетілген құқықтық нормалар жиынтығы ел көлемінде қолданыс тапты деген тоқтам жасайды. Бұл заңдар жинағы заман ағымына қарай мынадай тармақтарға бөлінген:

  1. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған адамдар өлім жазасына кесілсін;
  2. Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық жасағандар өлім жазасына кесілсін;
  3. Мемлекетте жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілсін;
  4. Өзге біреудің әйелімен зинақор­лық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын;
  5. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлікті ұрлаған кісі өлімге кесілсін.
  6. Төбелесте мертігудің түріне қарай мынадай мүлікті құн төленсін:

а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын берсін, қызы жоқ болса қыздың қалың малын берсін;

ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат берсін.

  1. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлесін (Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Исин А.И. Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. Алматы: «Сөздік-Словарь», 2011. – 320 б.).

«Жеті жарғыны» жасауға атсалысқан үш би – Төле, Қазыбек және Әйтеке Есім ханның «Ескі жолындағы» «қанға-қан, жанға-жан» деген байламды барынша жеңілдетіп, «құн төлеу» сияқты жаза түрін енгізді. «Жеті жарғыда» әкімшілік, құқықтық, азаматтық, дін, салық туралы мәселелер де қамтылды. Аталған заңдар жинағы өмірге «билер сотын» әкелді. Ал «жоғарғы сот» ретінде ханның өзі соңғы үкімді кесіп айтатын болды.

Тәуке хан 1715 (кей деректерде 1718) жылы әбден қартайған шағында дүниеден өтті. Ел құрметіне бөленген қазақтың ұлы реформатор ханы Қазақ хандығының саяси және мәдени орталығына айналған Түркістан қаласында жерленді. Тәуке билеген заман халық зердесінде қазақ мемлекетінің ең бір өркендеген, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманы», «алтын ғасыр» ретінде сақталды. 1748 жылы орыс елшісі М.Тевкелеев «Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен құрметпен еске алады» деп көрсетсе, ал ғалым А.И.Левшин Тәуке ханды көне Спартаның әйгілі мем­лекет қайраткері Ликургке теңеді.

Тәуке хан туралы жоғарыда айтылған ойымызды аяқтай келе, мынадай қорытынды жасағымыз келеді. Біріншіден, Тәуке ханның шығу тегін Жошының тұңғышы Орда-Еженнен тарата келе, оның ата – бабаларының бәрі дерлік XV-XVII ғасырларда Қазақ хандығындағы саяси биліктің жоғары сатысында болып, қазақ елінің қалыптасуы мен дамуына өз үлестерін қосқан тарихи тұлғалар. Өз кезегінде Тәуке де билік құрған жылдары ата-бабасының жолы мен дәстүріне сай Қазақ елінің дамуына еңбек сіңіріп, есімі ел есінде сақталған тұлғалардың қатарына жатады. Екіншіден, Тәуке хан билікке келгеннен кейін қазақ қоғамындағы дағдарыстарды реттеу үшін «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын шығарып, оны қоғамдық өмірде кең қолданысқа енгізуге бар күш-жігерін салды. Мемлекетте ішкі саяси-әлеуметтік жағдайдың біршама тұрақталуы оның билік құрған жылдарын салыстырмалы түрде «алтын ғасыр» деген теңеуге алып келіп, халық оған әз-Тәуке деген ат берді. Үшіншіден, оның билік құрған жылдары Қазақ ордасына жоңғар шонжарларының жойқын шабуылдар ұйымдастыруымен тұспа-тұс келді. Тәуке ханның кезінде ауызбірлік пен мемлекеттік биліктің сақталуы жоңғар шапқыншылығына төтеп беруге мүмкіндіктер берді. Басқа көрші елдермен бейбіт қатынастар орнатуға күш салынды.

 

Бауыржан АЙМАНОВ, № 18 орта мектептің тарих пәні мұғалімі. 

Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы.

Редакция таңдауы

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...
akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза...
1018960996

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен...
a9d6d6709923a457393b8aa9bba7243d

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі...

Жаңалықтар

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...

3 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, қар мен жаңбыр жауып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,...

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...