Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босады

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босады

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", – деп хабарлайды akorda.kz. Бұл қызметке 2017 жылы тағайындалған Иманғали Нұрғалиұлы ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және білім министрі қызметтерінде болды. 1999 жылдан бастап Атырау облысының әкімі, 2002 жылдан бастап ҚР премьер-министрі болды. Ал 2004 жылы ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалса, 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласының әкімі болды. 2008 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарды. 2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Қорғаныс министрі қызметінде болып, 2016 жылы ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.