Балық аулаймын деп 28 адам ажал құшқан

Балық аулаймын деп 28 адам ажал құшқан

Балық аулаймын деп 28 адам ажал құшқан
ашық дереккөзі
Қазiргi уақытта ауа-райы аса құбылмалы болып тұр. Осыған орай, өзен-көлдердегi қауiпсiздiктi нығайту үшiн республикалық деңгейде арнайы рейд жүргiзiлуде. 24.kz арнасының хабарлауынша, төтенше жағдайлар қызметiнiң өкiлдерi тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратып, балықшыларға сақтық шаралары туралы ескерту парақшаларын үлестiруде. Қазiр су бетiндегi мұз қабаты жұқа. Ойығы бар мұз бетiнде алты адамнан артық тұруға болмайтынын ескертедi мамандар. Өкiнiшке қарай, балық және аң аулау маусымы басталғалы 28 адам ажал құшты, оның төртеуi – бала. Былтыр осы кезеңде 11 адам, оның iшiнде 1 бала көз жұмған. «Уақытылы қабылданған шараларға байланысты соңғы уақытта төтенше жағдайлар көп тiркелмейдi. Балық аулау кезiнде балықшылар құтқару жилетiн, ұзындығы кем дегенде 20 см болатын арқан жiп алып жүруi тиiс. Сондай-ақ қатарынан екiден артық ойық жасамауға және «жылынамын» деп от жақпауға кеңес беремiз»,– дейдi ҚР IIМ ТЖК басқармасының бас маманы Серiк Берсембаев.