Президент заңға қол қойды – допингке қарсы жаңа ережелер енгізілді

Президент заңға қол қойды – допингке қарсы жаңа ережелер енгізілді

Президент заңға қол қойды – допингке қарсы жаңа ережелер енгізілді
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев допингпен ұсталған спортшылардың сыйақыларын қайтару туралы заңға қол қойды. Бұл туралы  Спорт комитетiнiң баспасөз қызметi хабарлады. Президент "ҚР Спорт және дене шынықтыру туралы кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар туралы" заң жобасын қабылдады. Заң жобасы допингке қарсы ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi қатаңдатуға, Ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесiн күшейтуге бағытталған. Қолданыстағы заңнамаға допингке қарсы ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi қатаңдату бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуді көздейді. Бүгінгі уақытта спортшыға допинг тағайындаған адамдарға қатысты әкiмшiлiк жауапкершiлiктi енгiзу қажеттiлiгi туындап отыр, оған сәйкес, айыпталушы  200 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл түрiнде жаза өтейді. Сонымен қатар, допингтi пайдаланғаны үшiн Заң жобасында дисквалификация, спортшының спорттық жетістігін жою және бiлiктiлiк ұпайы мен балын алып тастау, ақшалай көтермелеудi қайтару, спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеудi тоқтату, спортшыларға, жаттықтырушыларға және клуб командаларының басшыларына ай сайынғы ақшалай қамтуды тоқтату, спорттық атағынан айыру, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы және жүлдегерi тұрғын үйдi пайдалану шартын бұзу, спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының құрамынан спортшыларды, жаттықтырушыларды шығару сынды жазалар қарастырылған. "Сондай-ақ, Заң жобасында Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерiне 10 жыл мерзiмге жалға беру үшiн тұрғын үй беру, сондай-ақ допинг-тестiлердi сақтау мерзiмi 10 жыл болуына байланысты осы мерзiмге аталған тұрғын үйдi иелiктен шығаруға тыйым салу көзделген және егер осы кезеңде сынамаларда допинг анықталмаса, тұрғын үй спортшының меншiгiне берiледi", – делiнген хабарламада. Бұл ретте, Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегерi болған ҚР спортшысы қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, допинг сынамасының нәтижесiне қарамастан қайтыс болған (қаза тапқан) мұрагерлерiнiң тұрғын үйдi өтеусiз алуы көзделген. Ұлттық допингке қарсы орталық жыл сайын 3 мың биосынама алады. 2013 жылдан бастап жұмыс iстеу кезеңiнде қазақстандық спортшылардың допингтi қолдануының 307 оқиғасы анықталған. Биылғы жылдың 10 айында 37 рет допингке қарсы ережелер бұзылған.