2020 жылы жаңа мемлекеттік сыйлық берілмек – кімдер алады?

2020 жылы жаңа мемлекеттік сыйлық берілмек – кімдер алады?

2020 жылы жаңа мемлекеттік сыйлық берілмек – кімдер алады?
ашық дереккөзі
2015 жылдан берi елiмiзде Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттiк сыйлықтар тапсырылып келедi. Әрбiр жеңiмпаз-авторлар ұжымы 18,6 млн теңге сыйақыны теңдей бөлiседi. Бұдан былай бiр емес, екi атаулы мемлекеттiк сыйлық тапсырылады деп күтiлуде. inbusiness.kz сайтының жазуынша, бұл мақсатта Президент жарлығының жобасы жария етiлген. Үкiмет басшысы Асқар Мамин құжатқа түсiндiрме жазбада оны әзiрлеуге Мемлекеттiк хатшы Қырымбек Көшербаевтың 2019 жылғы 25 қарашадағы тапсырмасы негiз болғанын айтады. Бұл ретте Қ.Тоқаевтың биылғы қыркүйектегi тұңғыш жолдауын iске асыру аясында Қазақстан алдағы 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын және Әбу Насыр әл-Фарабидiң 1150 жылдығын атап өтетiнi мәлiм. Осыған орай, Қырымбек Көшербаев елiмiздегi әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттiк сыйлықты «Қазақстанның Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттiк сыйлығы» деп қайта атау туралы тапсырма бердi. Аталмыш тапсырманы жүзеге асыру үшiн 2015 жылғы Елбасының «әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары туралы» жарлығына тиiстi өзгерiстер мен толықтыру енгiзу қажет. Осылайша, 2020 жылы Тәуелсiздiк күнiнде «әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттiк сыйлық» пен «Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттiк сыйлық» қатар берiледi. Содан кейiн 2 жылда 1 рет әл-Фараби атындағы 7 мемсыйлық және Абай атындағы 3 мемсыйлық тапсырылып отырады. Бұл сыйлықтың екеуi де қайтыс болған тұлғаларға берiлмейдi. Автор көзi тiрi кезiнде ұсынылып үлгерсе, оған сыйлық тағайындауға тыйым салынбайды. Бұдан бөлек, жаңа меммарапатқа лайықтыларды iрiктеуге кiмдердiң қатысатыны анықталды. Нақтылай кетсек, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттiк сыйлығын беру жөнiндегi комиссияның құрамына төрағасы ретiнде мемлекеттiк хатшы, сондай-ақ Президент әкiмшiлiгi басшысының бiрiншi орынбасары, вице-премьер, мәдениет және спорт министрi кiрмек. Бұдан өзге, депутат Сауытбек Абдрахманов, әдебиеттанушы Дихан Қамзабекұлы, әдебиеттанушы Серiк Негимов, ақын Ұлықбек Есдәулет, Есенғали Раушанов, жазушылар Әлiбек Асқар, Амантай Ахетов, Төлен Әбдiк, Сәрсенбай Қали, Алдан Смайыл және басқалар кiрмек.