WhatsApp қосымшасын бұзуға болады – қалай?

WhatsApp қосымшасын бұзуға болады – қалай?

WhatsApp қосымшасын бұзуға болады – қалай?
ашық дереккөзі
Check Point киберқауiпсiздiк жөнiндегi компаниясы WhatsApp қосымшасының басты кемшiлiгiн анықтады, ол ақау месенжердің жұмысын және ондағы топтық чатты бұзуға мүмкiндiк бередi. "Вести.Ru" басылымының жазбасында, қолданушылар WhatsApp-тың iOS және Android-қа арналған нұсқаларындағы топтық чаттағы хабарламалар тарихынан түгелдей айырылып қалуы мүмкiн екенi айтылады. Шабуыл жасау оңай болып шықты. Қаскөйлер топқа қосылып, браузер құралдары арқылы хабарлама қалдырып, оны WhatsApp-тың веб-нұсқасы арқылы жiберсе болғаны. Салдарынан топтық чат жұмысында кедергi пайда болып, қосымша толықтай iстен шығады. "Қолданушылар мұның кесiрiнен тiптi мессенджердi өшiрiп, қайта жүктеуiне тура келедi, алайда ол чатқа оралуға мүмкiндiк бермейдi, – дейдi зерттеушiлер.  – Сондықтан олар хабарламалардың жоғалып кетуiнен бiржола құтылу үшiн чаттың өзiн өшiруiне тура келедi". Check Point мессенджер құрастырушыларға бұл ақау туралы тамыз айында хабар берген. WhatsApp өкiлдерi мұндай проблеманың барын мойындап, соңғы нұсқасында бұл ақаудың алдын алған көрiнедi.