Абай болыңыз: тұман түсіп, көктайғақ болады
Абай болыңыз: тұман түсіп, көктайғақ болады
Республиканың бiрқатар өңiрлерiнде, атап айтқанда, Солтүстiк Қазақстан облысы, Қостанай, Түркiстан және Қызылорда облыстарында ауа райы бұзылады, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМҚ.
Кешелi берi Солтүстiк Қазақстан облысында тұман түсiп, оңтүстiк-батыс желiнiң жылдамдығы секундына 15-20 метрге жеткен болатын.
Ал бүгiн, 18 желтоқсанда Түркiстан облысының кей жерлерiнде оңтүстiк-батыс желiнiң жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетедi. Шымкентте де күн күрт суытады.
Қостанай және Қызылорда облыстарында жел тұрып, тұман түсiп, көктайғақ болады. Синоптиктердiң мәлiметiнше, онда таңғы уақытта жел тұрады.