Абай болыңыз: тұман түсіп, көктайғақ болады

Абай болыңыз: тұман түсіп, көктайғақ болады

Абай болыңыз: тұман түсіп, көктайғақ болады
ашық дереккөзі
Республиканың бiрқатар өңiрлерiнде, атап айтқанда, Солтүстiк Қазақстан облысы, Қостанай, Түркiстан және Қызылорда облыстарында ауа райы бұзылады, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМҚ. Кешелi берi Солтүстiк Қазақстан облысында тұман түсiп, оңтүстiк-батыс желiнiң жылдамдығы секундына 15-20 метрге жеткен болатын. Ал бүгiн, 18 желтоқсанда Түркiстан облысының кей жерлерiнде оңтүстiк-батыс желiнiң жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетедi. Шымкентте де күн күрт суытады. Қостанай және Қызылорда облыстарында жел тұрып, тұман түсiп, көктайғақ болады. Синоптиктердiң мәлiметiнше, онда таңғы уақытта жел тұрады.