Балқашта пойыз бен көлік соқтығысып, екі адам көз көз жұмды

Балқашта пойыз бен көлік соқтығысып, екі адам көз көз жұмды

Балқашта пойыз бен көлік соқтығысып, екі адам көз көз жұмды
ашық дереккөзі
Балқаш қаласының маңындағы теміржол өткелінде жүк пойызы мен жол талғамайтын көлік соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмды.  Оқиға Балқаш қаласынан 37 шақырым қашықтықта «Балқаш-Саяқ» бағытындағы теміржол тармағының шлагбауммен жабдықталмаған өткелінде  болды.  56 жастағы Балқаш тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Тойота Прадо» автокөлігі мен «Балқаш-Саяқ» бағытындағы жүк пойызы соқтығысты. Оқиға салдарынан «Тойота Прадо» автокөлігінің жүргізушісі мен оның 33 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, сондай-ақ аталған автокөліктің 47 жастағы жолаушысы әртүрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі «Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатын болады.