Қырғыз мигранттарының азапталуы: Қырғызстан Ресейге нота жолдады

Қырғыз мигранттарының азапталуы: Қырғызстан Ресейге нота жолдады

Қырғыз мигранттарының азапталуы: Қырғызстан Ресейге нота жолдады
ашық дереккөзі
Ресейдің Хабаровск қаласында қырғызстандық жүргізушілердің азапталғаны бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу істері жүріп жатыр.
Бұл туралы Ресейдің Қырғызстандағы елшісінің кеңесшісі сыртқы істер министріне берген есебінде айтқан, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі қырғызстандық жүргізушілердің ресейлік құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан жәбір көргеніне наразылық білдірген. Қырғыз тарабы бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырған. Хабаровскіде жұмыс істейтін қырғызстандық жүргізушілер ОМОН өкілдері тарапынан азапталғанын айтып арызданған. Мәлімет бойынша, 12 желтоқсанда 80-ге жуық қырғыз азаматын күш қызметкерлері автопарктен алып кетіп, 3-4 сағат бойы ұрып-соққан.