«Өскемен-Семей» тасжолында көлік апаты болды

«Өскемен-Семей» тасжолында көлік апаты болды

«Өскемен-Семей» тасжолында көлік апаты болды
ашық дереккөзі
«Өскемен-Семей» тасжолының 13-шақырымында жол апаты орын алды. Салдарынан екi адам оқиға орнында мерт болып, ендi бiреуi ауруханаға жеткiзiлген. Бұл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаментi хабарлады. Алдындағы Грейдер көлiгiн айналып өтпек болған Toyoto camry жүргiзушiсi сол сәтте қарама-қарсы бағытта келе жатқан Lada Granta көлiгiмен соқтығысқан. Салдарынан Lada Granta-ның жүргiзушiсi мен жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, Toyoto camry тiзгiнiндегi әйел ауруханаға жеткiзiлдi.