Жаңалықтар

Тәуелсіздік күні бас қалада 55 сәби дүниеге келді

ашық дереккөзі

Тәуелсіздік күні бас қалада 55 сәби дүниеге келді

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін 0.00-.16.00 аралығында елордадағы перзентханаларда жалпы саны 55 бала дүние есігін ашқан. Бұл туралы Елорда Инфо  хабарлады. Олардың 31 қыздар, қалған 24-і ұл балалар. Бұл №2, №3 перинаталдық орталық пен №2 қалалық көпсалалық ауруханада тіркелген мәліметтер. Сарыарқа аудандық әкімшілігі мереке күні өмірге келген кішкентай астаналықтарды құттықтады.