Бүгін қазақстандық екі боксшы титулды жекпе-жек өткізеді

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Кеште қазақстандық екі боксшы титулды жекпе-жекке шығады. Виктор Коточигов жеңіл салмақта WBC International титулын қорғайды. Ал Сұлтан Зәуірбек жартылай жеңіл салмақта WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы титулын сарапқа салады.

Бұл шоудың аясында рингте бірқатар қазақстандық боксшы шығады: Ескендір Харсан, Нұртас Ажбенов, Елшат Нығметолла, Рай Сейтжанов, Абай Төлеш, Мирас-Али Сәрсенов және Нұрдос Төлебай.

Бокс кешін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы – 18:30-да.

Back to top button