Президент Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында Қазақстан халқын ұлық мереке  – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.  «Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды. Бізге даму мен жасампаздықтың жаңа мүмкіндіктері туды. Мемлекетіміз халықаралық деңгейде мойындалып, тиімді басқару жүйесі мен қуатты экономика құрды»,– делінген жазбада.