Жаңалықтар

Бүкіләлемдік шахмат күні белгіленді

ашық дереккөзі

Бүкіләлемдік шахмат күні белгіленді

Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы 20 шілдені Бүкіләлемдік шахмат күні деп жариялады, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтары. Бұл шешімге Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан секілді бірқатар елдердің бастамасы түрткі болды. Шахмат - ең ежелгі интеллектуалды және мәдени ойындардың бірі саналады. Онда спорт, ғылыми ой және мәдениет элементтері ұштасқан. Осыны ескерген БҰҰ Бас ассамблеясының мүшелері бүкіл әлем елдеріне Әлемдік шахмат күнін «тиісті деңгейде» атап өтуді ұсынды. БҰҰ Бас ассамблеясы жаңа резолюциясының авторлары бүкіл әлем шахмат ойнайтынын ерекше атап өтті. Ол әділдікті, интеграция мен өзара сыйластықты көкке көтереді, халықтар мен мемлекеттер арасындағы төзімділік пен өзара түсіністік атмосферасының қалыптасуына ықпал етеді.