15 Желтоқсан, 20:22 431 0 Тұлға Анар ЛЕПЕСОВА

Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанованың есімі беріледі

Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанованың есімімен аталмақ. Бұл туралы электронды үкімет порталында хабарланды.  

"Атырау халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Хиуаз Доспанованың есімі берілсін", - делінген 25 желтоқсанға дейін талқылау үшін жарияланған үкімет қаулысы жобасының мәтінінде.

Хиуаз Доспанова (1922-2008) - Ұлы Отан соғысының жалғыз ұшқыш-қазақ, штурман-атқыш. Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. 1922 жылы 15 мамырда Гурьев (Атырау) облысы Ганюшкино ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Орал қаласындағы № 1 орта мектепті алтын медальмен бітірді. Мектепте ол жергілікті аэроклубқа барып, аттестатпен бірге запастағы ұшқыш куәлігін алды. Оның есімі Air Astana әуекомпаниясының Embraer 190 лайнеріне берілді.

Соңғы жаңалықтар