Шымкентте 100 отбасыға көмек көрсетілді
Шымкентте 100 отбасыға көмек көрсетілді
Шымкентте Тәуелсіздік күні мерекесіне орай игі істер жалғасуда. Бүгін «Шымкент – қайырымды қала» акциясы аясында орталық «Ақ мешіт» мешітінде 100 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Қала әкімі Ерлан Айтахановтың тапсырмасына сәйкес және Абай ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауға мұқтаж жанұяларға көмектер берілді. Қала әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов пен Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов тұрғындарды ұлық мерекемен құттықтап, ізгі ниеттерін жеткізді.
Қайырымдылық шаралары мұнымен шектелмейтінін, қоғамдағы әлсіз топ мүшелері қашан да қамқорлықтан тыс қалмайтынын атап өтті. Әлеуметтік тұрмысы төмен жанұяларға көрсетілетін қолдаулар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. Өз кезегінде көмек алған отбасы мүшелері осы шараны ұйымдастырған қала басшылары мен демеуші азаматтарға шексіз алғыстарын білдірді.