Алматылықтар Сұлтан Сартаевты ақтық сапарға шығарып салды

15 желтоқсан, 2019 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Алматылықтар Сұлтан Сартаевты ақтық сапарға шығарып салды Алматыда жұртшылық белгілі академик, қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевты ақтық сапарға шығарып салды.  Қаралы жиынға марқұмның жақындары, шәкірттері, зиялы қауым өкілдері, Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты, деп хабарлайды "Алматы" арнасы. «Сұлтан Сартайұлының Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына қосқан үлесі зор. Ол – үлкен мұра қалдырған, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген мамандарды тәрбиелеп отырған заң және құқықтық саланың көрнекті қайраткерлерінің бірі», — деді қала әкімі Б. Сағынтаев. Айта кетейік, Сұлтан Сартайұлы – Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, құқықтану және халықаралық қатынастар институтының ректоры, байырғы халықтар мен этникалық азшылықтар Қазақ халықаралық қорының президенті, Қазақстан заңгерлері қауымдастығының вице-президенті болған. С. Сартаев Қазақстан Конституциясын құрудың бастауында тұрған.