Қостанай облысының Бағаналы ауылынан табылған мақұлық жергілікті биологтары мен тілшілердің қызығушылығын тудырды. "Наша газетаның " хабарлауынша, оның қандай жәндік екенін ешкім білмейтін болып шықты. Мектепте от жағушы болып жұмыс істейтін Геннадий Кузнецов оқиғаның қалай болғанын толығырақ айтып берді. "Оны 7 қаңтар күні сағат 16.00 шамасында мектепте көмірлердің арасынан тауып алдым. Жұмыртқаның көлемі америкалық футболдың добымен шамалас болды. Күрекпен түртіп көргенімде жұмыртқа жарылып, ішінен бірдеңенің қимылдап жатқанын сездім. Мұның түсі алғашында ақ болды. Кейін көмірдің түсіне айналды. Бұл тіршілік иесіне қызыққандықтан үйіме алып кеттім. Иттер алып кетеді деген ой келді, ал мен институттарға зерттеуге бергім келді. Осыған дейін оны қоймада сақтап келдім. Кейін оны сумен жудым. Артық иісі жоқ", - деді ол. Мектеп жұмысшысының үйіне жиналған тілшілер, полицейлер мен биолог мақұлыққа анықтап қарады. "Бұл тіршілік иесі динозаврға мүлде ұқсамайды. Жәндіктің қасындағы қалтада жұмыртқаның қабықтары да болды", - деп хабарлады басылым.