АҚШ ғалымдары қартаю мен алжудың алдын алатын дәрі жасады
АҚШ ғалымдары қартаю мен алжудың алдын алатын дәрі жасады
Ғылыми тәжiрибеге тез қартаятын тышқандар алынған. Оларға CMS121 немесе J147, яғни Альцгеймер ауруы, я болмаса қартаю кезiнде нейрондардың қызметiн қолдауға қабiлеттi өсiмдiк қоспалары негiзiндегi заттар берiледі. Жануарлардың жасы – тоғыз ай болған. Бұл адамдардың орта жастан асқаннан кейiнгi кезеңіне тең. Төрт айдан кейiн тышқандардың мiнез-құлқы мен жады тексерiліп, мидағы генетикалық және молекулалық жүйелері талданған. Нәтижесiнде тәжiрибе жүргiзiлген тышқандардың жады қарапайым қандастарынан жақсы болып шықты. Оларда жасушалық және молекулалық деңгейде өзгерiстер байқалған. Мысалы, жасушалық органелдермен энергия өндiретiн митохондрияға байланысты гендердiң белсендiлiгi тұрақты қалпында қалды. Қоспалар алмасуда маңызды саналатын А ацетилкоферментiнiң деңгейiн арттыруға көмектесетiнi анықталды, ол митохондрия жұмысын жақсартады және қартаюға ықпал ететiн ми жасушаларындағы процестердi баяулатады.