"Мен шаршадым" – Алина Загитова жарыстарға қатыспайды

"Мен шаршадым" – Алина Загитова жарыстарға қатыспайды

"Мен шаршадым" – Алина Загитова жарыстарға қатыспайды
ашық дереккөзі
Олимпиада чемпионы, белгілі фигурист Алина Загитова алдағы уақытта өтетін дүниежүзілік жарыстарға қатыспайды. Бұл туралы спортшы Бірінші арнаның "Время" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.  Журналистің "Алина, үлкен спорттан кетемін деп шештің бе?" деген сауалына фигурист: "Алдағы уақытта өтетін Ресей, Еуропа және әлем чемпионатына қатыспаймын. Қазіргі уақытта әртүрлі мұзды шоуларда өнер көрсетуді жоспарлап жатырмын", – деп жауап берді. Жас спортшы спорттық жарыстарға қатыспауының себебін "Менде бәрі бар. Бірақ, шығармашылық шабыт жоқ" деп түсіндірді. Бұған қоса, кез келген чемпионатқа қатысу техникалық, психологиялық әрі моральдық тұрғыда көп дайындықты талап етеді. "Бұл ұзақ әрі күрделі жол. Бұл күнге дейін қатысып келген әрбір жарысым оңайға түскен жоқ. Таңнан кешке дейінгі ұздіксіз жаттығулар, тынымсыз еңбек, моральдық күйзеліс, бәрі-бәрі шаршатады. Қазір демалғым келеді", – дейді Загитова. Алина Загитова спорттағы басты жаттықтырушысы Этери Тутберидзенің командасымен ары қарай да жұмыс істей беретінін айтты. Алдағы уақытта мәнерлеп сырғанаудың жаңа әрі тың техникаларын меңгеруді жоспарлап жүргенін жеткізді. Алина өзінің спорттағы жаттықтырушыларын, Ресейдегі спорт федерациясын және барлық жанкүйерлеріне алғысын білдірді.