Ет экспорты 80 пайызға артты

Ет экспорты 80 пайызға артты

Ет экспорты 80 пайызға артты
ашық дереккөзі
Ұлттық экономика министрлiгi Статистика комитетiнiң ресми мәлiметiне сәйкес, 2018 жылы шетелге құны 82 млн 900 мың АҚШ доллар болатын 77,6 мың тонна мал шаруашылығы өнiмдерi экспортталған. Биыл бұл көрсеткiш 102 мың тоннаға жеткен. Осылайша, экспорт көлемi 149,3 млн АҚШ долларын құрап, былтырғыдан 80 пайызға артқан. Айта кетелiк, iрi қара малды шетелге шығару көлемi биыл 3 есеге көбейген, ал тiрi ешкi мен қойды экспорттау 10 есеге ұлғайыпты. Импортқа келсек, биыл 10 айда елге құны 221,1 млн АҚШ доллары болатын 67,5 мың тонна ет әкелiндi. 2018 жылы 52,3 мың тонна ет импортталып, 142,3 млн АҚШ долларға ауыл шаруашылығы өнiмдерi жеткiзiлген болатын.