Еріктілер жұмысының сағатына 1000 теңге төленеді

Еріктілер жұмысының сағатына 1000 теңге төленеді

Еріктілер жұмысының сағатына 1000 теңге төленеді
ашық дереккөзі
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi Жастар және отбасы iстерi комитетiнiң төрағасы Мадияр Қожахмет Қазақстанда волонтерлiктi қолдау бағытындағы ауқымды жұмыстардың жоспарымен бөлiстi, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жастарды ерiктiлер жұмысына ынталандыру жоспарлануда. Бiршама ұсыныс та түсiп жатыр. Атап айтқанда, биыл «Әлеуметтiк студенттiк несие» атты жобасын бастадық. Ол бойынша студент жастарға волонтерлiк қызметтiң әр сағаты үшiн 1 000 теңгеден төленедi. Олар осы соманы оқу қажеттiлiгiне жұмсап, базалық шығындарын өтей алады», – дедi Мадияр Қожахмет ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, волонтерлiк қызметтiң әр сағаты үшiн төленетiн қаражат республикалық бюджетке енгiзiлiп те қойған.