Бұл оқиғаны түсiндiре алмаймын – Ардавичустің жауабы

Бұл оқиғаны түсiндiре алмаймын – Ардавичустің жауабы

Бұл оқиғаны түсiндiре алмаймын – Ардавичустің жауабы
ашық дереккөзі
"Дакар-2012" ралли-рейдiнiң қола жүлдегерi Артур Ардавичус Антикоррупция қызметiнiң оның 800 миллион теңге жымқырды деген күдiкке iлiнгенi туралы пiкiр бiлдiрдi, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның болжамы бойынша, менiң Astana Motorsports командасының директоры мен капитаны бола отырып, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды өткiзуге өтiнiмдердi арттыру арқылы iрi соманы ұрлауға қатысым бар. Айыптау көзқарасы – тергеу органының қызметiндегi ажырамас атрибут, бұл олардың жұмысының ерекшелiгiмен түсiндiрiледi. Осыған байланысты тергеу орбитасына түсетiн кез келген азамат өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мәжбүр. БАҚ-та жариялау адамдарды қоғам алдында ақталуға мәжбүр ететiн әдiстердiң бiрi ретiнде пайдаланылады. Менiң ойымша, менiң де жағдайым солай. Әлде бiздiң елiмiзде, қоғамда және құқық қорғау органдарында кiнәсiздiк презумпциясы басқаша түсiнiлетiн шығар. Әйтпесе бұл оқиғаны түсiндiре алмаймын", – дедi Артур Ардавичус. Спортшының айтуынша, одан жауап алынбаған, тағылған айып көрсетiлмеген. "Тексеруге кiм және қашан бастамашы болды, бұл жағы маған белгiсiз. Тергеу органының менiң орналасқан жерiм туралы шынайы мәлiметтерi бар. Мен әрқашан тергеушiмен байланысамын. Жылдың басты турнирi - аты аңызға айналған "Дакар-2020" жарысына дайындалудың мүмкiн емесi туралы жазбаша түсiнiктеме берiлдi. Мен бiр еуропалық команданың бас шабандозы болдым, келiсiмшартта көрсетiлген мiндеттемелерiм бар. Бұл келiсiмшартқа айыптаудың алдында ұзақ уақыт бұрын қол қойғанмын. Мен туған Қазақстанымның намысын қорғаймын. Осы жарысқа дайындық үшiн бiрде-бiр тиынды қазақстандық бюджеттен алғаным жоқ және одан үмiттi емеспiн. Маған тек менiң кәсiби құзыретiме байланысты келiсiмшарт ұсынылды", – дедi ол. Артур Ардавичус кәсiби қызметiне байланысты шекара асқанын және мұндай жұмыс тәртiбi бiрнеше жылға созылатынын айтты. "Мен кез келген қоңырауға жауап беремiн. Маған көптеген отандасым, соның iшiнде журналистер қоңырау шалды. Мен барлығы үшiн ашық және қолжетiмдi адаммын. Мұндай жағдайларда адамға қатысты iздеу қалай жарияланатынын түсiне алмай отырмын. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қысым – iс жүргiзу талабы екенiн жоққа шығармаймын. Қалай болса да, "Дакарды" аяқтағаннан кейiн мен Отаныма келiп, кiнәсiздiгiме дәлелдеймін. Мемлекеттiк органдар заңды шешiм қабылдайды деген сенiмдемiн", – деп қорытындылады спортшы. Мұның алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2016-2017 жылдары Қазақстан автоспортын дамытуға бөлiнген қаражатты жымқыру iсi бойынша тергеу жүргiзiп жатқанын хабарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтiң екiншi департаментiнiң басшысы Сергей Перовтың айтуынша, Ардавичус бiрнеше рет жауап алуға шақыртылған, алайда шетелден келуден бас тартқан. "Аталған мән-жайларды және Ардавичус мырзаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететiн жеткiлiктi негiздерiнiң болуын ескере отырып, оған қатысты сырттай "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды. Халықаралық iздеу жариялау туралы материалдар сотқа жiберiлдi", – делiнген едi ведомство таратқан хабарламада.