"Колбин жоғалсын!": балабақшадағы митинг үшін қандай жаза болмақ? (видео)

"Колбин жоғалсын!": балабақшадағы митинг үшін қандай жаза болмақ? (видео)

"Колбин жоғалсын!": балабақшадағы митинг үшін қандай жаза болмақ? (видео)
ашық дереккөзі
Алматы облысындағы балабақшаның бірінде балақайлар мерекелік қойылым қойған, онда бүлдіршіндер «Колбин жоғалсын!» («Колбин, долой!») деген жазуы бар плакат ұстап, митинг ұйымдастырады. Балалардың келесі бір тобы қолына ойыншық қару ұстап, оларды қуа бастайды. Дайындық барысынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралып кеткен. Кадрда қарама-қарсы тізілген екі топты көреміз: бірінің қолында ұрандары жазылған плакат, олар тәрбиешінің нұсқауымен «Колбин жоғалсын!» деп айқайлайды, ал келесі топ қолындағы ойыншық қарумен оларды қуады – билік өкілдері меңзеп тұрса керек. Дайындық 12 желтоқсан күні болған, кейіпкерлер – Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылына қарасты «Балбұлақ» бақшасындағы «Сұңқар» тобының балақайлары. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес, мұндай мазмұнда іс-шара өткізуге тыйым салынады. Қазіргі уақытта, аталмыш балабақшаның құрылтайшысы мен әдіскері Талғар аудандық Білім басқармасына түсіндірме жұмыстарын өткізу үшін шақыртылған. Облыстық білім департаментінің басшысы Дәурен Жүнісов мұндай жағдайдың қайталануына жол бермейтінін және осындай бағытта іс-шара өткізуге себепкер тұлғаларға қатаң жаза қолданатынын жеткізді. Геннадий Колбин – кеңестік саясаткер, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы. Колбиннің қызметке тағайындалуы жастар наразылығын тудырып, 1986 жылы желтоқсанда қарсылық шеруіне шығуына себеп болды. Алматы жастары қазіргі Республика алаңына шығып, басқа басшы тағайындауын талап еткен. https://www.youtube.com/watch?v=b3Ds0G3o0Qs&feature=emb_logo