Елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде жүр

Елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде жүр

Елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде жүр
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi екiншi департаментiнiң басшысы Сергей Перов Нұр-Сұлтандағы LRT жобасына қатысты тергеудiң қалай жүрiп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оның айтуынша, елорда әкiмiнiң бұрынғы орынбасары Сұлтанбеков iздеуде жүр. "Жемқорлыққа қарсы қызметтегiлер LRT құрылысы кезiнде ақша жымқыру дерегi бойынша қозғалған қылмыстық iске қатысты тергеудi аяқтады. Тергеу миллиардтаған ақшаның жымқырылғанын және ол iске Астана әкiмдiгiнiң лауазымды қызметкерлерi, "Астана LRT" мен жекеменшiк компаниялардың директоры қатысқанын анықтады. Қылмыстық топты елорда әкiмнiң экс-орынбасары Сұлтанбеков пен "Астана LRT" басшысы Талғат Ардан шетелдiк, қазақстандық компаниялардың қолдауымен ұйымдастырған", – дедi Перов брифинг барысында. Оның айтуынша, мемлекетке бес миллиард теңге шығын келтiрiлген. "Ресми мәлiметтер бойынша, Сұлтанбеков, Ардан және Абдухамитов халықаралық iздеуде жүр. Абдухамитов – мердiгерлiк ұйымдардың бiрiнiң басшысы", – дедi Перов. Биыл қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiне LRT iсi бойынша тергеудi аяқтауды тапсырған болатын.