Димаш қашан үйленеді?

Димаш қашан үйленеді?

Димаш қашан үйленеді?
ашық дереккөзі
Еліміздегі баспасөз құралдарының біріне берген сұхбатынында Димаштың үйлену тойы сөз болды. Нью-Йорктегі концерттен соң, Димаш Құдайбергеннің әкесі ұлының алдағы жоспары жайында айтты. «Ол жас жігіт. Құдай қаласа, үйленеді. Біраз күте тұрыңыздар. Бір күні бұл да болады» деді Димаш Құдайбергеннің әкесі. Ал жанкүйерлері әлі күнге әншінің сүйіктісі бар-жоғына бас қатырады. Осыған дейін БАҚ-та әйгілі әншінің сүйіктісі жайында мәлімет тараған. Димаштың жүрегін жаулаған ару – Нұрсәуле Әубәкірова. Ол Қазақ ұлттық Өнер университетінде «Кино және ТВ режиссурасы мен продюсерлігі» мамандығы бойынша білім алған. Димаш пен Нұрсәуле университет қабырғасында көңіл жарастырғанын Adyrna.kz жазған еді. Актриса «Тағы да сүй» телехикаясына, «Айна ғұмыр» драмалық сериалы мен «Қазына» қысқаметрлі фильміне түскен. Өзін тасада ұстағанды жөн көретін ару Instagram-дағы парақшасын бұғаттап қойған. Әнші мен актриса дүйім жұртқа жұп екенін ресми түрде жариялаған жоқ. Бірақ Әубәкірова Massaget порталына берген сұхбатында «Өз басым өмірде бір-ақ рет сүйген адаммын, тағы да сүйіп көрмегенмін» деген. Нұрсәуленің кімді тұспалдап тұрғаны белгілі шығар... aikyn.kz